Республикалық референдум күніне орай ұлттық дәстүрлер дәріптелді

11:57, 15 наурыз 2026

© Фото: akorda.kz

Бүгін республикалық референдум күніне орай Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған "Тұсаукесер" атты салтанатты рәсім ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ел рухын, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыру.

Рәсім барысында мектеп мұғалімдері кішкентай оқушыларға арналған "Тұсаукесер" дәстүрін көрсетті. Бұл қазақ халқының көне әрі тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің бірі жоғары деңгейде көрсетіліп, кеңінен насихатталды.

Салтанатты рәсім кезінде үлкендер балаларға ақ тілектерін айтып, жарқын болашаққа баталарын берді. Іс-шараға қатысушылар ұлттық дәстүрлердің мән-маңызын терең түсініп, ел болашағына бейжай қарамайтын жауапты азаматтарды тәрбиелеудің маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.

Мектеп ұжымы осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруды және қоғамдағы маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын белсенді тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!