Референдумда 4 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

12:17, 15 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 15 наурызда Әсел Жанабілова осы уақытқа дейін қанша қазақстандық дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін 4 миллионнан астам азамат дауыс беріп, қатысу көрсеткіші 37,5%-ды құрады.

Ақпарат Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша берілді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлер бойынша қатысу көрсеткіші төмендегідей:

  • Абай облысы — 41,93%
  • Ақмола облысы — 44,66%
  • Ақтөбе облысы — 45,73%
  • Алматы облысы — 40,41%
  • Атырау облысы — 42,29%
  • Батыс Қазақстан облысы — 36,59%
  • Жамбыл облысы — 35,86%
  • Жетісу облысы — 43,32%
  • Қарағанды облысы — 42,95%
  • Қостанай облысы — 37,10%
  • Қызылорда облысы — 43,18%
  • Маңғыстау облысы — 34,57%
  • Павлодар облысы — 36,57%
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 41,64%
  • Түркістан облысы — 44,13%
  • Ұлытау облысы — 36,59%
  • Шығыс Қазақстан облысы — 42,88%
  • Астана — 31,23%
  • Алматы — 14,85%
  • Шымкент — 42,59%

Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда Конституциялық реформаға қатысты республикалық референдум басталды.

Бұған дейін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің алдын ала таратылды деген қауесеттерге қатысты түсініктеме берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!