Жапонияда референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық анықталды
© Сурет: ҚР СІМ
Жапониядағы Қазақстан азаматтары референдумда дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Токиода өткен референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық — Нихон университетінің 3-курс студенті Жібек Айдын болды.
Оның айтуынша, қаралып жатқан мәселе еліміздің болашақ дамуы үшін өте маңызды.
"Референдум өткізу ашықтықты және жан-жақты талқылауды қамтамасыз етеді, бұл қоғамның пікірін ескеріп, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың қатысуы үшін қажетті жағдай жасап отыр. Ал біздің азаматтық борышымыз — белсенділік таныту", — деді Ж. Айдын.
Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысының арқасында шетелде жүрген отандастардың да өз сайлау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.
"Біз үшін бұл жай ғана дауыс беру емес, еліміздің алдағы бағытын айқындауға жауапкершілікпен қатысу. Қабылданатын шешім Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды дамуын нығайтуға ықпал етеді деп сенемін", — деді ол.
Бұған дейін қазақстандықтар жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда алғаш болып қай елдерде дауыс бергені белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:54, 15 наурыз 2026
Алматыдағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары үшін фотоаймақтар ұйымдастырылды
-
08:48, 15 наурыз 2026
Бамблби мен Оптимус Прайм референдумға келгендерді таңғалдырды
-
08:37, 15 наурыз 2026
Референдум: шетелде қанша дауыс беру учаскесі ашылды
-
08:22, 15 наурыз 2026
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз таңдауын жасады
-
08:13, 15 наурыз 2026
Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумда дауыс берді





