Елімізде әскерге шақыру науқаны 4 ай бойы жүретін болады

17:20, 17 қыркүйек 2018

Жамбыл облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Енді мерзімді әскерге шақыру 3 ай емес, 4 ай бойы жалғасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондай-ақ әскер қатарына қабылдау талаптары да күшейтілді. Бозбалаларды Отан алдындағы борышын өтеуге жібермес бұрын денсаулық жағдайы, білім деңгейі мен моральдік-психологиялық тұрақтылығы қатаң тексеріледі. Жалпы Әулиеата жерінен биыл 3 мыңға жуық жігіт әскерге аттанбақ. Оның жартысы көктемгі әскерге шақырту кезінде қабылданды. Қалғаны күзгі науқанда. Қазір 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер дәрігерлердің тексеруінен өтіп жатыр. Алғашқы күні 150-ден астам жас азамат комиссияның оң қорытындысын алды.

Айта кету керек, әскерге барудан жалтару заңмен қудаланады. 1 жылға бас бостандығынан айрылады немесе мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал егер өзінің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, сырқатпын деп сылтауратып, жалған құжат жасататын болса, үш жылға сотталады. Биылғы шақыртуда аймақта мұндай деректер тіркелмеген.

- Жұмысына ерекше талаптар қойылып жатыр. Медициналық сараптау комиссиясында есірткіге қарсы тест өткізу. Одан бөлек лобараториялық тексеріс арқылы әскерге шақыртылушылардың сары ауру және өкпе ауруларына көңіл бөлініп отыр. Одан бөлек тағы да бүгінгі күнде шекара қызметіне шақыртылатын әскерге шақыртылушылар полиграфиялық исследованиеден өткізіледі, - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Асқар Ниязов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!