Еліміз бойынша 1363 бала қызылша жұқтырған
© Фото: Zakon.kz
Биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы вакцина салдырмаған. Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген. 300-ге жуық бала ауырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы. Дегенмен, мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай аз деді. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған. Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір аз.
Өткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған. Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алуға кеңес береді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұл енді ауа тамшылары арқылы жұғатын вирусты инфекция болғандықтан өте тез, әрі жылдам тарайды. Мұны тек вакцинамен ғана тоқтата аламыз. Негізінде қызылшаға қарсы екпе 1 жаста және 6 жаста салынады. Көкжөтел де дәл сол сияқты." Эльмира Құрбанбекова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы
Еске салайық, елімізде еуропалық иммундау апталығы басталды. 3 мамырға дейін бір апта бойы түрлі ауруларға қарсы егілетін вакциналардың маңызы түсіндіріледі. Еуропалық иммундау апталығын 53 мемлекет қолдап отыр. Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы 21 вакцина салынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





