Әлібек Қуантыров қымбат вискиді мысалға келтіріп, байлық салығы қандай болатынын түсіндірді
© Сурет: pexels
19 қыркүйек күні үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қымбат алкогольді мысалға ала отырып, байлық салығы қандай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, министрлік Қазақстан азаматтарының иелігінде қанша яхта, ұшақ пен қымбат көліктер бар екені туралы есеп жүргізді. Оған қоса ол премиум алкогольге де салық салынатынын ескертті.
"Біз оны мың есе арттырамыз. Мысалы, 7 миллион теңге тұратын 50 жыл сақталған Macallan-ды алып көрейік. Қазір оған акциз - 700 теңге. Біз оны мың есе арттырып, оның бағасының шамамен 10%-ын қосамыз. Байлық салығы жалпы халықтың аз бөлігін алып тұрған адамдарға қатысты".Әлібек Қуантыров
Қазақстанда 2024 жылдан бастап байлық салығын енгізу жоспарланып отыр. Қазір министрлік тым қымбат тауарларға салық салуды күшейту бойынша жұмыс істеп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





