Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай отау құрған күнін тойлауда

12:14, 23 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/aliokapov

Белгілі қазақстандық өнер иелері Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай оқырмандарымен отбасылық сурет-бейнежазбаларымен жиі бөліседі. Бұл жолы олар шаңырақ көтергендеріне 4 жыл болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерейтой жайлы Ақерке нақтылады:

"Бүгін біздің отбасымызға, шағын мемлекетімізге 4 жыл".

Жазбаға Әли Оқапов келесідей пікір қалдырды.

"Кішкентай мемлекетіміздің Президенті аман болсын".

Еске салайық, "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай мен Әли Оқапов 2020 жылы отбасын құрған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!