Елена Рыбакинаның кезекті турнирден шығып қалу себебі белгілі болды
© Сурет: Instargam/rybakinateam
Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Сеулдегі турнирден (Korean Open) шығып қалды. Бұған дейін оның шығуының нақты себебі белгісіз болғанымен, қазір болжамды деректер пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz ақпаратына сүйенсек, Оңтүстік Кореяда оған арқа жарақаты кедергі болды.
Бұл Рыбакина қатысудан бас тартқан қатарынан екінші турнир. US Open-дегі алғашқы матчтан кейін Елена екінші раундқа шықпау туралы шешім қабылдады. Кейінірек ол себебін түсіндірді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарына да қатыса алмады. Дәрігерлер оған жедел бронхитке байланысты алаңға шығуға тыйым салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:58, 15 қаңтар 2025
Алматы әуежайында жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жыққан
-
14:40, 15 қаңтар 2025
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
-
14:29, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда жемқорлар тізілімі әзірленеді
-
14:10, 15 қаңтар 2025
Суға химиялық зат қосылады: Астана әкімдігі бағдаршамдарды тазалауға қатысты тараған қауесетті жоққа шығарды
-
13:43, 15 қаңтар 2025
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды