Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

03:39, 13 қыркүйек 2026
MKZ: 1566526

© Сурет: zakon.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

US Open турнирінің финалдық кездесуінде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Кездесу Рыбакинаның жеңісімен аяқталды — 6:4, 5:7, 6:2.

Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 10 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды.

Нью-Йорктегі бұл титул Елена үшін жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақ болды. Қазақстандық теннисші осы санаттағы алғашқы жүлдесін 2022 жылы Уимблдонда жеңіп алды. 2026 жылдың басында Рыбакина Australian Open чемпионы атанса, енді өз жүлделер топтамасын АҚШ ашық чемпионатының титулымен толықтырды.

US Open турниріндегі жеңіс Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы тағы бір тарихи жетістігі болды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайды

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!