Алматыда маңызды көше 18 қыркүйекке дейін жабылды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көше жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының Медеу ауданында 18 қыркүйекке дейін Олимпийская көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл шаралар 220 кВ кабельдік электр беру желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.
Жұмыс Олимпийская көшесіндегі №4А үйдің маңында жүргізіліп жатыр. Жұмыс кезеңінде Тышқанбаев көшесінен Байқоңыр көшесіне дейінгі аралық жабылды.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі №2363 220 кВ электр беру желісінің кабельдік учаскесінің зақымдануына байланысты туындады. Соның салдарынан қазіргі уақытта энергия жүйесі мәжбүрлі түрде ажыратылған схема бойынша жұмыс істеп тұр. Бұл Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтау сенімділігін төмендетеді", – делінген хабарламада.
Қалыпты жұмыс схемасын қалпына келтіру үшін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандарына жолдың жүріс бөлігінің астында тікелей апаттық жұмыс жүргізу қажет.
Жұмыс қауіпсіздік талабын сақтай отырып, тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған көріктендіруді қалпына келтіру жоспарланған.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан көлік қозғалысына енгізілген уақытша шектеуді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 11 қазан 2026
Қазақстандық спортшы таеквондодан Парижде өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
17:23, 11 қазан 2026
«Жаңбыр жауып, тұман түседі». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:58, 11 қазан 2026
«Билеттер шамадан тыс сатылған». Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды
-
16:58, 11 қазан 2026
Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды





