Елена Рыбакина 31 наурызда әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі
© Сурет: Zakon.kz
31 наурыз күні кешке Майамидегі турнирдің жартылай финалында теннисшіміз Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кортқа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz хабарлауынша, кездесу Астана уақытымен 20:00-де өтеді.
Айта кетейік, Майами турнирінің биылғы жүлде қоры - 8 800 000 доллар. Жеңімпаз 1 262 220 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Бұған дейін Майамиде өткен турнирде Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаяны (64-орын) 7:5, 4:6, 6:3, испандық Паула Бадосаны (29-орын) 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан еді. Сонымен қатар ол бельгиялық Элиз Мертенсті (39-орын) 6:4, 6:3 және итальяндық Мартина Тревизанды (24-орын) 6:3, 6:0 есебімен ұтқан.
Джессика Пегуланың өнеріне келсек, ол жартылай финалға жолдаманы канадалық Кэтрин Себовты (172-орын) 6:3, 6:1 есебімен, америкалық Даниэль Коллинзді (30-орын) 6:1, 7:6 есебімен, полька Магда Линетті (19-орын) 6:1, 7:5 және ресейлік Анастасия Потапованы (26-орын) 4:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіп алған.
Елена Рыбакина аты аңызға айналған Серена Уильямстың тарихи рекордын қайталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





