Елдос Сметов Олимпиада ойындарын сәтті бастады

13:40, 27 шілде 2024

© Сурет: ҰОК

Дзюдошы Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 60 келі салмақтағы алғашқы айналымда Сметов нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесті.

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Торнуке үш рет ескерту алды. Осылайша, жеңіс Елдосқа берілді.

Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі. Аталған спортшы өзбек балуанын жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Бұған дейін Парижде жазғы Олимпиада ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінің жарыс жолына Қазақстан ерлер құрамасы атынан Владислав Яковлев шыққанын, ол мәре сызығын бесінші болып кескенін жазған болатынбыз. Ол енді жұбаныш сайысында бақ сынайды. Сондай-ақ нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті. Олар енді қола медальға таласады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!