Елде әзірге той жасауға рұқсат жоқ – Бас санитарлық дәрігер

16:31, 2 маусым 2020

Қазақстанда әзірге көп адам жиналатын отбасылық шаралар өткізуге болмайды, деді елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Өкінішке қарай, жағдай солай. Қазір отбасылық мерекелер, көп адамның жиналуымен байланысты кез-келген шараларға тыйым салынған, - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг кезінде.

Оның сөзінше, әзірге отыратын орындар саны 50-ден аспайтын кафе мен ресторандар жұмысына ғана рұқсат, бірақ бұл да ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат дегенді білдірмейді.

- Қазіргі эпидемиялық жағдай ондай кез-келген шараға рұқсат беруімізге мүмкіндік бермейді. Спорттық, мәдени-бұқаралық, отбасылық немесе рәсімдік шаралар болсын, бір жерде көп адамның ұзақ болуына тыйым бар. Біздің жеңілдету шараларымыз эпидемиялық жағдайға байланысты әр өңірде жеке енгізіледі. Бәрі өз қолымызда, - деп қосты бас санитарлық дәрігер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!