Эльбрус тауында болған қайғылы оқиға: аспалы жолдағы апат адам өліміне әкелді
© Сурет: pixabay
Эльбрустағы аспалы жолда болған апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, апатқа себеп болған – тіректердің біріндегі роликтен тростың шығып кетуі.
Қазір жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізуге дайындық жүргізіліп жатыр.
"Эльбрустағы аспалы жолдағы апаттан кейін адамдарды эвакуациялау ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап жатыр", – делінген ақпаратта.
БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қаза тапқан екі адамның екеуі де аспалы жолды сынақтан өткізушілер болған. Олар оны жөндеп, қысқы маусымға дайындауды жоспарлаған.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарауда.
Бұған дейін Шымбұлақта кісі толы аспалы кабина бұзылып, көкте қалып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 24 тамыз 2026
Білім додаларындағы мың медаль: Тоқаев оқушылардың жетістігін мақтан тұтатынын айтты
-
14:09, 24 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті
-
13:55, 24 тамыз 2026
Археологтер аңызға айналған мүсіннің басын бір ғасырдан кейін тауып, орнына қайта қойды
-
13:48, 24 тамыз 2026
Ғалымдар орманда 40 жыл бұрын бастаған тәжірибе күтпеген нәтижемен аяқталды
-
13:36, 24 тамыз 2026
Ғалымдар жасы 4 миллиард жылдық «Жаратылыс тасын» зерттеп, оның құпиясын ашты





