Елбасы әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар тағайындады

10:17, 15 қараша 2018

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Ақсұңқар Серік - 1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметова Күләш - 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Әбдікұлы Төлен - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әлімбекұлы Толымбек - 1954 жылы туған, сатирик

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) -1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшіров Ахмет - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Бөдешұлы Жәркен - 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Гарькавец Александр - 1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит - 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері

Елеукенов Шериаздан - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Жұмаділ Қабдеш - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы

Исабаев Нұртас - 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Қосылбеков Дидар - 1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қыдырханұлы Уахап - 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мұханбетқалиұлы Қажығали - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Мырзахметұлы Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Ниязбек Рәпілбек - 1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нұрпейісов Әбдіжәміл - 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Оспан Сейфолла - 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Рәш Мыңбай - 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері

Салғараұлы Қойшығара - 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарай Әнес - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сәдуақас Тортай - 1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сегізбай Кәдірбек - 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Смадияров Бекзат - 1992 жылы туған, ақын

Сүлейменов Олжас - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Фроловская Татьяна - 1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы

Ыдырысов Әбілфайыз - 1930 жылы туған, жазушы

Өнер қайраткерлері

Абдулина Айша - 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абубахриева Мукарам - 1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Адамжан Бақтияр - 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Ахметова Шайза - 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Аюханов Болат - 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әбжанова Анара - 1986 жылы туған, суретші

Әмір-Темір Хусеин - 1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшімов Асанәлі - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Давыденко Оксана - 1984 жылы туған, опера солисі

Дайыров Еркебұлан - 1986 жылы туған, актер

Дүйсекеев Кеңес - 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еслямова Самал - 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы

Жаманбаев Базарғали - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жуков Роман - 1988 жылы туған, актер

Зұлхаш Чапай - 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері

Имаханов Бекен - 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Имашева Баян - 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Қалықова Саида - 1985 жылы туған, пианист

Камалиев Қабыкен - 1939 жылы туған, опера әншісі

Клушкин Юрий - 1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі

Қастеев Дәурен - 1979 жылы туған, суретші

Қастеева Зарема - 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі

Қосыбаева Тамара - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мәлібекұлы Жандарбек - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мышбаева Нүкетай - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нүсіпжан Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Нұрмолдаев Серік - 1987 жылы туған, өнертанушы

Обаев Есмұқан - 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Омаров Қанат - 1988 жылы туған, дирижер

Оразбаев Сәбит - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт - 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Өтепберген Аян - 1992 жылы туған, актер

Померанцев Юрий - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Садықова Анвара - 1982 жылы туған, хореограф-ұстаз

Сақиева Күләш - 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тасыбекова Торғын - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Уәлихан Шот-Аман - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір - 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Школьный Арий - 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!