Ел құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

18:05, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563128

© Сурет: olympic.kz

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді.

Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

Қазақстандық волейболшылар келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!