Ел қорғандарына құрмет: Астанада полицейлерге пәтер кілті табысталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Астанадағы полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімімен басталды.
Ішкі істер министрінің құқығымен "Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері", "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгілері, сондай-ақ "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ведомстволық медальдары табысталды.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлық — қол сағаттары тапсырылды.
Жергілікті атқарушы органның қолдауымен мереке құрметіне полиция қызметкерлері арасындағы көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.
Құттықтау сөз сөйлеген полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ардагерлердің ерлігіне ерекше тоқталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш барысында соғыс жылдарының әндері мен патриоттық шығармалар шырқалды.
Концертке полиция қызметкерлері мен солистер, оның ішінде қазақстандық эстрада өкілдері қатысты. Іс-шара Отан қорғаушылардың ерлігі мен Ұлы Жеңіс қаһармандарының рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 7 мамыр 2026
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
-
12:27, 7 мамыр 2026
Қызылорда облысының жаңа әкімі қашан тағайындалатыны белгілі болды
-
12:04, 7 мамыр 2026
Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді
-
11:49, 7 мамыр 2026
Астанада өткен құрылтай съезінде «Әділет» партиясын құру туралы шешім қабылданды
-
11:25, 7 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары - 7 мамыр





