Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
© Сурет: akorda.kz
Астанада 2026 жылғы 7 мамырда өткен «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партияның басшылық органдары, оның ішінде партия төрағасы мен Саяси кеңес құрамы сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Съезд барысында делегаттар Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекітті. Одан кейін Саяси кеңес мүшелері партияның Саяси кеңесі бюросының құрамына дауыс берді.
Сонымен қатар, партия төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай ұсынылып, оның кандидатурасын съезд делегаттары қолдады.
Айбек Дәдебай 2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап атқарып келген.
2026 жылғы 15 сәуірде бастамашыл топ "Әділет" атты жаңа саяси партия құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасаған.
2026 жылғы 16 сәуірде партияның ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен жаңа саяси бірлестік құру туралы хабарламаның берілгенін растайтын құжат алғанын ресми түрде жариялаған.
Бүгін, 7 мамырда Астанада өткен құрылтай съезінде "Әділет" партиясын құру туралы шешім қабылданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 7 мамыр 2026
«Әділет» партиясы саяси жарғысын бекітті
-
13:23, 7 мамыр 2026
«Әділет» партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси кағидаттарын жүзеге асыруды қолдайды
-
13:23, 7 мамыр 2026
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
-
13:11, 7 мамыр 2026
Әр азамат жеке деректерінің таралғаны туралы алдын ала хабардар болады
-
12:52, 7 мамыр 2026
Еуропада керосин тапшы





