Экологиялық мәдениет мектептен басталады
© Сурет: Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 9 қарашада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласының №13 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6-сынып оқушылары арасында "Экоприключение" атты экологиялық квиз өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарауын қалыптастыру, экологиялық ойлау қабілетін дамыту, табиғатты қорғау туралы білімдерін кеңейту және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылығын арттыру.
Экологиялық квиз командалық интеллектуалдық-танымдық сайыс форматында ұйымдастырылып, бірнеше тақырыптық кезеңнен тұрды. Қатысушылар экология саласындағы білімдерін ортаға салып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтарға жауап берді, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Әсіресе, қайталама шикізаттан экологиялық бұйымдар жасауға арналған шығармашылық тапсырма оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Командалар өз жұмыстарын таныстырып, пайдаланылған материалдарға екінші өмір сыйлауға және қоршаған ортаны сақтауға әркімнің өз үлесін қоса алатынын көрсетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтарды айқындап, осы бағытта экологиялық мәдениетті арттырудың рөліне де баса назар аударды. Бұл бағытта экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Ал мұндай құндылықтардың негізі жас ұрпақтың бойына мектеп қабырғасынан сіңіріледі.
Мектептің аға тәлімгері Гайсина Айгүл өз сөзінде:
"Бүгін сіздер экологияға қамқорлық жасаудың қарапайым әрекеттерден басталатынын көрсеттіңіздер: қоқысты сұрыптаудан, суды және электр энергиясын үнемдеуден, жерде жатқан қағазды көргенде бейжай өтпеуден. "Таза Қазақстан" бағдарламасы – бір реттік акция емес, бұл – біздің өмір салтымыз. Әрқайсыңыз өзіңізден, өз сыныбыңыздан, өз аулаңыздан бастасаңыздар, қаламыз да, еліміз де таза әрі көрікті бола түседі", – деп атап өтті.
Өткізілген іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаның жай-күйіне деген жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Өйткені туған жердің тазалығы әрқайсымыздан, күнделікті іс-әрекетімізден, әдеттерімізден және табиғатқа деген жанашыр қарым-қатынасымыздан басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 9 қараша 2026
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрін құттықтады
-
16:25, 9 қараша 2026
Жамбыл облысында жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді
-
16:17, 9 қараша 2026
Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, ертеңіне күрт суытады, қар жауады
-
16:05, 9 қараша 2026
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа функциялары бекітілді
-
15:52, 9 қараша 2026
9 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы 448,98 теңгеге дейін өсті










