Екібастұзда скутер мінген төрт жасөспірім апатқа ұшырады

18:09, 2 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Екібастұзда скутер мінген төрт жасөспірім апатқа ұшырады. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұхтар Әуезов көшесінде жүргізуші "Лада 2115" маркалы автокөлігімен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, "Самурай" маркалы екі скутерге жол бермеген.

ЖКО салдарынан төрт кәмелетке толмаған бала, оның ішінде екі жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!