Екі ай бойы азап шеккен: қазақстандық дәрігерлерден өтемақы өндіріп алды
© Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Хирургиялық операция кезінде Қызылорда облысы тұрғынының денесінде дәке тампон қалып қойған. ҚР Жоғарғы соты 2026 жылғы 13 тамызда оған қанша өтемақы төленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот құжатында көрсетілгендей, ер адам ұзақ уақыт бойы қатты ауырсынудан зардап шеккен. Жарасы жазылмай, өз қаражаты есебінен қайта операция жасатуға мәжбүр болған.
Осыған байланысты ол соттан медициналық мекемеден материалдық залал мен моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді талап етті.
"Сот талап қоюшыға бастапқыда кистаны алып тастау операциясы жасалғанын анықтады. Алайда екі айдан кейін басқа медициналық мекемеде оған қайта операция жасалып, бұған дейін ота жасалған жерден қалып қойған дәке тампон алынды", – деп хабарлады сот.
Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында медициналық көмек көрсету кезінде көптеген заңбұзушылыққа жол берілгені анықталды.
"Операция кезінде міндетті стандарттар сақталмаған, операциядан кейінгі бақылау тиісті деңгейде жүргізілмеген. Медициналық құжаттарды толтыру кезінде де заңбұзушылықтарға жол берілген: күнделікті жазбалар толық толтырылмаған, зерттеу нәтижелеріне клиникалық түсіндірме берілмеген, сондай-ақ операция кезінде алынған материалдарды зерттеу туралы мәліметтер болмаған. Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерделеп, жауапкердің кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырды", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалды өтеу үшін 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Бұған дейін Астана тұрғыны пластикалық хирургия клиникасының құрбаны болғаны хабарланған еді. Липосакциядан кейін оның денсаулығында ауыр асқынулар пайда болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:11, 13 тамыз 2026
Қызылордада жастар күні Open Air концертімен қорытындыланды
-
10:07, 13 тамыз 2026
Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді
-
09:57, 13 тамыз 2026
Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жазаланды
-
09:46, 13 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Трамптың шақыруымен Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысады
-
09:38, 13 тамыз 2026
Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды





