Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жазаланды

09:57, 13 тамыз 2026
MKZ: 1561057

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері мен жолаушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында үйлену тойына арналған көліктер кортежі түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Кадрлардан қозғалыс кезінде жолаушылардың көлік терезесінен денесін шығарғаны, ал жүргізушілердің рөлде телефон қолданып, қауіпсіздік белдігін тақпағаны байқалады.

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Бейнежазбаны зерделеген Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан барлық жүргізуші мен жолаушыны анықтады. Құқық бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктердің бірі арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданбауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырды. Жолаушылар да қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірмеуі керек.

"Той – қуаныштың көрінісі. Алайда мерекелік көңіл күй жолдағы қауіпсіздік талаптарын екінші орынға ысыруға себеп болмауы керек", – делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!