Әйелінің атына тіркелген ЖШС-ке «қамқорлық жасаған» ірі шенеунік ұсталды

12:32, 15 қараша 2019

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аймақаралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша аймақаралық байланыс инспекциясы" басшысының міндетін атқарушыға қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, жұбайының атына тіркелген байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын "Ғасыр Қазсвязь" ЖШС-ін басқаруға қатысып, осы ЖШС-ға артықшылықтар мен қамқорлық көрсеткен.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!