Әйеліне 22 рет пышақ сұққан қаскөй сотталды
Қостанай облысындағы балабақшада азаматтық некедегі әйеліне 22 рет пышақ сұғып, оны бір көзінен айырған 42 жастағы қаскөйге сот үкімі шықты. Судья оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Сұмдық оқиға былтырғы жылдың 17-ші қыркүйегінде болған еді. Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам жұбайының жұмыс істейтін орнына келіп, әңгімеге тартқан. Алайда онымен байланысқысы келмеген нәзік жан сөйлесуден бас тартыпты. Сол сәтте ашуға булыққан қаскөй келіншектің көзінен ұрып, оны аяусыз пышақтап тастаған. Абырой болғанда, әйел тірі қалған. Сол көзінен айырылған келіншектің бет-әлпеті әбден жараланыпты. Адам шошырлық жағдай кезінде балалар басқа бөлмеде болғаны анықталды. Белгілі болғандай, қаскүнем 11 жыл бірге тұрған жұбайын үнемі ұрып-соққан екен. Бұған шыдай алмаған келіншек күйеуінен кетіп қалуды жөн көрген. Бірақ әйелінің бұл әрекетіне ашуланған азамат, жары басқа ер адаммен көңіл қосқан деп ойлап, одан осылайша кек алмақ болған.
Зардап шегуші Амангелді ауылындағы жекеменшік балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген екен. Ерлі-зайыптылардың ортақ бір баласы бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:20, 27 ақпан 2026
Қызылорда облысының әкімі ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті
-
22:17, 27 ақпан 2026
Жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль еншіледі
-
22:08, 27 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті желідегі сыбысқа байланысты мәлімдеме жасады
-
21:39, 27 ақпан 2026
Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды
-
21:31, 27 ақпан 2026
Таразда әпкесінің көлігін ұрлап, рөлге отырған жасөспірім полициядан қашпақ болған





