ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған
© Фото: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін үшінші тұлғалардың атына формалды түрде тіркелген төрт жеке кәсіпкерлік, "Нұр-Келес" ЖШС және "Бимен С." ЖШС пайдаланылған.
Олар іс жүзінде берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға арналған нотариалды сенімхаттар арқылы бақыланған.
"Аталған субъектілерді пайдалану арқылы ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу және олардың бар-жоғы, сондай-ақ селекциялық жұмыстардың жүргізілуі туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Осыдан кейін субсидия алуға электрондық өтінімдер рәсімделген", – деп нақтылады агенттіктің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарға жұмсалған.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 103 млн теңгені құрады.
Осылайша адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз пайдаланылған.
"Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне: екі тұрғын үйге, төрт автокөлікке, автотұрақ орны мен жер теліміне тыйым салынды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал екіншісіне қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Бірнеше күн бұрын, 14 қыркүйекте, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Finiko құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан Қазақстанға қайтарылғаны белгілі болды. Операцияны прокуратура органдарының үйлестіруімен ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша департаменті мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері бірлесіп жүргізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 16 қыркүйек 2026
Ұшқыш болып киініп, қашып кеткен: есірткі тасымалдаушы халықаралық іздеуге жарияланды
-
10:47, 16 қыркүйек 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді
-
10:40, 16 қыркүйек 2026
Қазақстандықтарға Жапония визасын алу тәртібі өзгереді
-
10:34, 16 қыркүйек 2026
Піспенан қорабындағы құпия: әйел 50 жыл сақталған 68 млн теңгелік алтынды тапты
-
10:25, 16 қыркүйек 2026
55 млн теңгеге жасалған жөндеу бір жылға жетпей қирай бастаған: Мақпал Жүнісова құрылысшыларға ренжулі





