Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея премьер-министрі Alatau Smart City жобаларымен танысты

15:13, 15 қыркүйек 2026
MKZ: 1566946

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City аясында жүзеге асырылатын жобалармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барысында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін дамыту секілді қаланы өркендетудің негізгі бағыттары таныстырылды.

Жобаны іске асырудың нақты шараларына кореялық серіктестерді тартуға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation ұйымдарымен бірлесіп K-Smart қалашығын құру ұсынылды. Сонымен қатар білім беру және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту, қалалық әуе қозғалысын ұйымдастыру, цифрлық модельдеу мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағыттарындағы бірлескен бастамалар таныстырылды.

Бұдан бөлек, қалалық әуе қозғалысын басқаруға арналған UAM/UTM жүйесі ұсынылды. Жүйе ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксилерді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Alatau City – қала құрылысы, білім беру және ғылыми зерттеулер, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар және инвестициялық ынтымақтастық бағыттарын біріктіретін ашық халықаралық платформа.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!