Қазақстанда QR-төлемдер ҚҚС-тан босатылуы мүмкін
© Фото: freepik
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов 2026 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметтегі баспасөз мәслихатында қолма-қол ақшасыз төлемдерді ҚҚС-тан босату туралы ұсыныстың қазіргі жағдайы және банктік комиссияларға қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ өкілдері QR-төлемдерді ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер үшін, соның ішінде бірыңғай QR арқылы жасалатын төлемдер бойынша банктік комиссияларға қалай әсер етуі мүмкін екенін сұрады.
"Жақында жобалық кеңсенің отырысында қолма-қол ақшасыз төлемдерді ҚҚС-тан босату мәселесі талқыланғаны рас. Ең алдымен, бұл төлемдер үшін бірдей жағдай жасау қажет. Қолданыстағы Салық кодексінің редакциясында кейбір қолма-қол ақшасыз төлемдер, мысалы, картамен жасалатын есеп айырысулар, ҚҚС-тан босатылған. Біз бірыңғай QR-ды қоса алғанда, ұлттық төлем жүйесін дамытып жатқандықтан, барлық төлемдерге бірдей жағдай жасау ұсынылды. Бұл түсініспеушіліктердің алдын алып, әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деп жауап берді спикер.
Ол бұл ұсыныстың тұжырымдамалық тұрғыда қолдау тапқанын атап өтті. Қазір оның егжей-тегжейі Үкіметпен бірлесіп пысықталып жатыр. Осыдан кейін құжат Құрылтайдың қарауына енгізіледі. Соңғы шешімді де осы орган қабылдайды.
"Егер ұсыныс қолдау тапса, оның бизнес пен тұтынушылар үшін комиссияларға тікелей әсерін алдын ала бағалау қиын. Себебі әр банк комиссия мөлшерін өз бетінше белгілейді.
Сонымен қатар комиссия бірнеше бөліктен тұрады: банкаралық комиссия – яғни интерчейндж, төлем жүйесінің комиссиясы және банктің өзі белгілейтін комиссия. Оның құрамына банк өзінің шығындарын қосады", – деді Бинұр Жаленов.
Бұған дейін, 2026 жылғы 17 шілдеде, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов Қазақстанның бірыңғай QR жүйесінен бас тартуы мүмкін жағдайлар бар-жоғын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 12 қазан 2026
Көкшетауда құрылыс алаңынан жоғалған төрт жасар баланың мәйіті табылды
-
22:25, 12 қазан 2026
Қостанайда жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды
-
21:12, 12 қазан 2026
Қазақстан өңірлік көшбасшы мәртебесін растады
-
21:08, 12 қазан 2026
Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады: елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды
-
20:41, 12 қазан 2026
СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады





