Тоқаев Корея бизнесін Қазақстанға белсенді инвестиция салуға шақырды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-корей дөңгелек үстелінде адам капиталын дамытуға, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса мән берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Кореяның жоғары оқу орындары арасында 230-дан астам келісім жасалған. Бұл құжаттар екі ел университеттері арасындағы академиялық байланысты кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық серіктестікті дамытуға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтика, биотехнология және медициналық құрылғылар өндірісін жолға қоюды екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде атады.
Президент сөзінің соңында осыдан ондаған жыл бұрын Корея экономиканың негізгі салалары бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылып, үлкен серпіліс жасағанына назар аударды.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір Қазақстан да түбегейлі экономикалық жаңғыру кезеңіне қадам басты. Еліміз жаңа салаларды, технологияларды, зерттеу әлеуеті мен адам капиталын дамытуға күш салып жатыр.
"Қазір Қазақстан түбегейлі экономикалық жаңғыру кезеңіне қадам басты. Жаңа салаларды, технологияны, зерттеу әлеуеті мен адам капиталын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі кездесу және қол қойылған келісімдер анағұрлым ауқымды серіктестікке тың серпін береді деп сенемін. Корея бизнесін Қазақстанға белсенді инвестиция құюға шақырамын. Қазақстан Үкіметі Корея кәсіпкерлерінің еліміздегі әрбір пайдалы бастамасына жан-жақты қолдау көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын барысында Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сук, Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің корей тарапынан тең төрағасы Юн Джин Шик, Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Нұрлан Жақыпов, Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті Джо Сонг Чжэ, Shinhan Financial Group төрағасы Чжин Ок-Дон, CONTEC Co Ltd компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Ли Сунг Хи, сондай-ақ Кореяның геологиялық және минералды ресурстар институтының (KIGAM) президенті Квон И Кюн сөз сөйледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:12, 16 қазан 2026
16 қазандағы саудада доллар тағы арзандады
-
16:06, 16 қазан 2026
Тоқаев Алматыда Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынды
-
16:04, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды
-
16:01, 16 қазан 2026
Қазақстан президенті: Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет
-
15:58, 16 қазан 2026
Тоқаев: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді





