Әбиба Әбужақынова: Осы қарсыласқа тап болатынымды сездім, білдім...
© Сурет: видеодан алынды
ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы күміс медаль әперген дзюдошы қызымыз Әбиба Әбужақынова жеңісіне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Негізі бұл қарсыласыммен Әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатынмын. Бұл жолы да осы қарсыласыма тап болатынымды сездім, білдім. Себебі барлық қарсыласыма дайын келгенмін. Алған жарақаттарымнан кейінгі бұл - менің бірінші жеңісім. Бұған қуаныштымын. Ары қарай жұмыс жасап, алтын медаль алуға әрекет жасайтын болатынмын. Париждегі Олимпиада ойындарында бүгін кеткен есемді қайтарамын деп ойламын. Маған қолдау білдіріп, менімен бірге қуанып жатқан барша Қазақстан халқына алғысымды білдіремін", - дейді өз сұқбатында Әбиба.
Айта кетсек, дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова финалда, яғни алтын медаль үшін таласта үш дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапондық Натсуми Тсунодоға жол беріп алды. Осылайша ол ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





