Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды

17:15, 22 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Бүгін, 22 мамырда Абу-Дабидегі (БАӘ) әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді.

Ал Токарева болса, бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунодоға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады. Біздің команда қоржынында Әбиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!