Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады

12:40, 20 сәуір 2024

© Сурет: Оlympic.kz

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде қазақстандықтар финалға шыға алған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 48 келідегі Абиба Әбужақынова, 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді.

Енді олар Азия біріншілігінің қола жүлдесіне таласады.

Ал Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны бойынша ұтылып қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!