Алматы облысында жаппай демалуға арналған жағажай орындары белгіленді

16:54, 3 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен облыс аумағындағы су объектілері мен су шаруашылығы объектілерінде жаппай демалыс, туризм және спортпен айналысуға арналған орындар белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, халықтың жаппай демалуы үшін келесі нысандар орнатылған:

Қапшағай су қоймасы:

  • 7 қалалық жағажайлар;
  • "Балдәурен-Қапшағай" ("Алтын-Емел") жағажайы – "Балдәурен-Қапшағай" республикалық оқу-сауықтыру орталығы;
  • Күншуақ жағажайы – "Қонаев қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балалар өнер мектебі;
  • 88 жеке жағажайлар мен демалыс орындары.

Еңбекшіқазақ ауданы

  • Қойшыбек ауылындағы белсенді демалыс жағажайы "Тихая заводь".

Іле ауданы

  • Приютское су қоймасы – 5 жеке жағажай (Первомай тоғандары).

Қаулы 2024 жылғы 13 мамырда күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!