«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Шымкентте жастар музей маңын тазалап, пайдалы ақпарат та алды
© Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі - "Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол" атаумен өтіп жатыр.
Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев музейінің ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары музей аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Ал "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 16 мамыр 2024
Хоккейден әлем чемионаты: Қазақстан Швецияға есе жіберді
-
22:05, 16 мамыр 2024
Милад Карими Азия чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
-
21:41, 16 мамыр 2024
Үсік, найзағай, жауын-шашын: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:05, 16 мамыр 2024
Қызылорда облысында аса ірі көлемде «синтетика» саудаламақ болған күдікті ұсталды
-
20:37, 16 мамыр 2024
Тоқаев педофилдер мен экстремистердің Қазақстанға кіруіне тыйым салатын заңға қол қойды