«Чехиядан жұмыс тауып беремін». Астанада кезекті алаяқ ұсталды
© Сурет: pixabay
Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Чехия мемлекетінде жұмысқа тұрғызып беремін" деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды "шетелге шығарып, жұмысқа тұрғызып беремін" деп сендіріп, алты эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған.
"Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы шамамен 800 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция департаменті азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге, жұмысқа орналастыру қызметін ұсынатын компанияның лицензиясы мен заңды қызметін міндетті түрде тексеру қажет, сондай-ақ келісімшартпен мұқият танысып, оның талаптарын толық түсінбейінше ақша аудармаған жөн, күмән туындаған жағдайда бірден 102 хабарласуға шақырады.
Бұған дейін кассалық аппаратсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 30 маусым 2026
Саин көшесіндегі көлік кептелісі: Алматы билігі қандай шешім қабылдады
-
19:37, 30 маусым 2026
Зейнеткер әйел телефонына банктік қосымшаны орнатамын деп депозиттегі ақшасынан қағылды
-
19:27, 30 маусым 2026
Ақмола облысында жанар-жағармай құю станциясы тоналды
-
19:15, 30 маусым 2026
Мемлекет басшысы Конго президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
18:59, 30 маусым 2026
Қытайда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталады - ұлттық құрама тізімі





