Доллар бағамы бір күнде 5,87 теңгеге өсіп, 455 теңгеге жетті

15:53, 20 қараша 2026
MKZ: 1578879

© Фото: freepik

2026 жылғы 20 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. Сауда қорытындысында доллардың орташа өлшенген бағамы 5,87 теңгеге көтеріліп, 455 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің бағамы 0,09 теңгеге өсіп, 5,56 теңгеге жетті. Қытай юані 0,92 теңгеге қымбаттап, 68,09 теңге болды.

Валюта айырбастау пункттерінде долларды 453,6 теңгеден сатып алып, 455,9 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 498,2 теңге, сату бағамы – 503 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,26 теңге, сату бағамы – 5,38 теңге.

20 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,82%-ға арзандап, барреліне 91,23 доллар болды. NYMEX биржасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,68%-ға төмендеп, барреліне 81,88 долларды құрады.

Таңертең ҚР Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 448,72 теңге, еуроныкін 493,86 теңге, ал рубльдікін 5,49 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 20 қарашада түске дейін шетел валютасы қандай бағаммен сатылып, сатып алынғаны туралы бұған дейін жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!