Ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасының мән-маңызын атады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дамуындағы реформалар мен өзгерістер жалғаса беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға қатысты бірқатар мәселе әлі де түбегейлі шешімін таппағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, "Халықтық құрылыс" бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – ауқымды жұмыстың бастауы ғана.
Мемлекет басшысы ел дамуының орта және ұзақмерзімді перспективасына арналған жоспарлары бар екенін атап өтті.
"Мемлекетіміздің Егемендігін, Тәуелсіздігін қорғауға қатысты кейбір мәселе түбегейлі шешімін таппады. Мен ол жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айтқанмын. Тоқмейілсіп, бейқам жүрудің жөні жоқ. Мұны жақсы түсінуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Мемлекет басшысының басты міндеті жүйелі әрекет ету, көздеген мақсатынан айнымау және ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер үшін жауапкершілік алу екенін жеткізді.
"Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:11, 20 қараша 2026
Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады
-
16:00, 20 қараша 2026
Президент: «Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді»
-
15:46, 20 қараша 2026
Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек – Президент
-
15:45, 20 қараша 2026
Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды
-
15:42, 20 қараша 2026
Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі – Тоқаев





