Дмитрий Попко Мексикадағы жарыстың финалына шықты

10:20, 30 наурыз 2025

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 245-ракеткасы Дмитрий Попко Морелия (Мексика) челленджер турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 204-ракеткасы, франциялық Уго Греньенің мысын басты. Попко қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Попко 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен бас жүлдені сарапқа салады.

Дакворт жартылай финалда тағы бір қазақстандық, рейтингіде 215-орындағы Бейбіт Жукаевты 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!