Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәулескер домбырашы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген.
Әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.
Алтын таулар операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), Достық жолымен балетінің (Л.Степановпен бірге), Ортеке балет-поэмасының, Менің Қазақстаным кантатасының, оркестрге арналған Поэма, Ата толғауы, Ақсақ құлан, Аққу, Арман, Махамбет, Көш керуен поэмалары мен Халық қуанышы, Қайрат, Жеңіс салтанаты атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы.
50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды.
Бірегей тұлға екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 5 сәуір 2025
Қарағанды облысының полициясы маньяк туралы қауесетті жоққа шығарды
-
18:27, 5 сәуір 2025
Қарағанды облысының полицейлері маньяк туралы қауесетті жоққа шығарды
-
17:22, 5 сәуір 2025
Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды
-
16:44, 5 сәуір 2025
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 6 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:12, 5 сәуір 2025
Қостанай облысында да дала өртеніп жатыр
Танымал жаңалықтар
-
09:10, 5 сәуір 2025
-
10:03, 5 сәуір 2025
-
14:05, 5 сәуір 2025
-
11:12, 5 сәуір 2025
-
12:10, 5 сәуір 2025
-
09:41, 5 сәуір 2025
-
12:10, 5 сәуір 2025
-
12:43, 5 сәуір 2025
-
15:47, 5 сәуір 2025
-
11:47, 5 сәуір 2025
-
13:34, 5 сәуір 2025
-
14:48, 5 сәуір 2025
-
13:00, 5 сәуір 2025
-
15:08, 5 сәуір 2025
-
17:22, 5 сәуір 2025