Қытайда 17 жастағы қыз 900 мың юаньға суррогат ана болған
© Сурет: pixabay
Ляншань автономиялық округі мен Сычуань провинциясының 17 жастағы тұрғыны суррогат ана ретінде егіздерді дүниеге әкеліп, 900 мың юань (шамамен 63 миллион теңге) алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
South China Morning Post басылымы ақпаратынша, адам саудасының белсендісі Шангуан Чжэньи әлеуметтік желілер арқылы 2 ақпанда жасөспірім қыздың Цзянси провинциясының 50 жастағы тұрғыны үшін суррогат ана болғанын жариялады. Сондай-ақ, эмбрионды имплантациялау кезінде қыз небәрі 16 жаста болған, яғни жас ана 2007 жылы туылған болып шықты. Бұл оқиға Қытай халқын дүр сілкіндірді.
Тапсырыс беруші медициналық компаниямен келісімге қол қойып, суррогат анаға 730 мың юань (51 миллион теңгеден астам) төлеуге келісім берген. Келісімде тапсырыс беруші егіз ұлдарды сұраған.
Порталдың мәліметінше, ер адам үйленбеген, сондықтан балалары дүниеге келгеннен кейін туу туралы куәлік алу және жаңа туған нәрестелерді тіркеу үшін жасөспірім қызды әйелі ретінде көрсетуге мәжбүр болған. Осылайша, ол жас суррогат анаға 900 мың юань төлеген.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты балалардың әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.
"Қоғамдық сұрауға жауап ретінде Гуанчжоу қалалық денсаулық сақтау комиссиясы ақпаратты тексеруді бастағанын айтты",- деп жазды портал
Бұған дейін Францияда жеке балабақшаның тәрбиешісі 11 айлық баланы тазартқыш сұйықтықпен улап өлтіргендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 6 сәуір 2025
Тоқаев Әлімханұлын WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады
-
09:03, 6 сәуір 2025
Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
-
18:27, 5 сәуір 2025
Қарағанды облысының полициясы маньяк туралы қауесетті жоққа шығарды
-
17:22, 5 сәуір 2025
Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды
-
16:44, 5 сәуір 2025
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 6 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Танымал жаңалықтар
-
10:03, 5 сәуір 2025
-
15:47, 5 сәуір 2025
-
14:05, 5 сәуір 2025
-
11:12, 5 сәуір 2025
-
12:10, 5 сәуір 2025
-
09:41, 5 сәуір 2025
-
12:43, 5 сәуір 2025
-
11:47, 5 сәуір 2025
-
14:48, 5 сәуір 2025
-
13:34, 5 сәуір 2025
-
13:00, 5 сәуір 2025
-
15:08, 5 сәуір 2025
-
17:22, 5 сәуір 2025
-
16:12, 5 сәуір 2025
-
16:44, 5 сәуір 2025