Дипломды сатып алдым. Жамбыл облысында «жалған мұғалім» ұсталды

16:00, 27 қазан 2020

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы орта мектептің орыс тілі мұғалімінің жалған диплом негізінде 2 жыл бойы білім беру қызметін жүзеге асырғанын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы жылғы 15 қазандағы сот үкімімен аталған адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін 80 сағатқа сотталып, мемлекет кірісіне 1 млн теңгеден астам залал өндірілді.

Аудан прокуратурасы ҚР заңдарын бұзбауға шақырады, ал егер Сіз осындай жағдайлар туралы сенімді білсеңіз, азаматтық бастама көтеріп, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Өйткені, біздің балаларымыздың болашағы білім сапасына байланысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!