Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүние салды
© Сурет: imbb.org.kz
Кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы Раузa Минлиахмедқызы Қонаева 92 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды 2026 жылғы 16 қаңтарда Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қор жеткізді.
Рауза Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген. Ол Минлиахмед пен Зауре Қонаевтар әулетіндегі он бірінші, яғни сүт кенжесі болған.
Қор өкілдерінің айтуынша, Раузаның отбасындағы үлкен балалармен жас айырмашылығы айтарлықтай болған. Мысалы, әпкесі Амина одан 27 жас үлкен болса, ағасы Асқар Минлиахмедұлының бес жас үлкендігі бар.
Рауза Қонаева кеңестік кезеңдегі Алматы қаласындағы №28, №10 және №36 мектептерде білім алған. 1952 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы жоғары оқу орнын тәмамдады. Мансаптық жолын 1957 жылы бастаған ол 2016 жылға дейін ҚР Ғылым академиясы жүйесінде қызмет атқарды. Онда Биохимия институтында (1957–1983 жж.), кейін Молекулалық биология және биохимия институтында (1983–2016 жж.) ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, Рауза Қонаева – еңбектері шетелдік ғылыми ортада да мойындалған, биология ғылымы саласындағы ірі қазақстандық ғалым.
Қор баспасөз қызметі Рауза Минлиахмедқызы елімізге белгілі заңгер Мұрат Баймахановтың жұбайы болғанын атап өтті. Ерлі-зайыптының қызы Дина Мұратқызы Баймаханова ата жолын жалғап заң саласында еңбек етті. Қазіргі таңда ол – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
Zakon.kz редакциясы Раузa Қонаеваның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 қыркүйек 2026
Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
-
17:30, 21 қыркүйек 2026
Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды
-
17:26, 21 қыркүйек 2026
Ерлердің бала күтіміне шығуы мен әйелдерге берілетін қолдау өзгеруі мүмкін
-
17:22, 21 қыркүйек 2026
Қарағандыда ұйымға ұрлыққа түскен үш адам қолға түсті
-
17:08, 21 қыркүйек 2026
Әсел Қанай каратэден Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды





