Дина Исламбекова екі нокдаунмен Азия чемпионы атанды

13:29, 9 сәуір 2026

© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында әйелдер арасындағы 2026 жылғы бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Дина Исламбекова тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үндістандық Алфия Патханмен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ Исламбекова басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға түсірді.

Үшінші раундта ол сәтті комбинациясын қайталап, төреші тағы да есеп ашты. Нәтижесінде, Дина Исламбекова Азия чемпионы деп жарияланды.


Осылайша, ол Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Надежда Рябец те Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.


Сонымен қатар, Бахыт Сейдіш күміс медаль иеленді. Ал қола жүлдені Айгерим Саттыбаева мен Валентина Хальзова жеңіп алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!