Қарызын жаппаған шаруалаларға несие берілмейді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодарлық шаруалар көктемгі дала жұмыстарына несие ала алмай отыр. Бұған олардың өздері де кінәлі. Себебі фермерлердің көбі былтыр алған қарызды жаппаған. Яғни, бірінің кесірі біріне тиіп отыр.
Мәселен, Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Павлодар аграрлық несие корпорациясы" АҚ- на 1,5 млрд.теңге қарыз. Бұл тек "Кең дала-2" бағдарламасы бойынша ғана, деп жазады qazaqstan.tv.
"Біз екі жыл бойы көктемгі егіс жұмыстарына несие бердік. Биыл мүлдем тоқтатылды. Енді "Кең дала-2" бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясы ғана қаржыландырады. Егер осы сәуір айында шаруалар барлық қарыздарын жапса ғана онда олар басқа қаржылық институттар арқылы ақша алулары мүмкін." Жандос Садықов, "Павлодар" ӘКК аға менеджері:
Яғни қарыздарын жаппайынша мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінетін өсімі төмен несие берілмейді. Бұдан бөлек банктен коммерциялық пайызбен несие алуға да тиым салынған. Ерлан Тоқтышақұлы ондаған дихандар біріккен кооператив төрағасы. Енді бірер күнде қыр төсіне соқа саламыз дейді. Себебі қар ерте кетіп, жер құрғап барады. Сондықтан дән себу жұмыстары жылдағыдан ерте басталады.
"Кішкентай жеке меншіктерге өте қиын болады биылғы жылда. Себебі, олардың ақшалары жоқ. Олар осы несиеге қарап отыр. Жанар-жағармай, тұқым, гербецид, қосалқы бөлшектер. Дер кезінде алмаса кейін үлгермейді. Неге десеңіз жер қазір құрғайды, содан өте қиын болады." Ерлан Тоқтышақов, "Ертіс агро" кооперативінің төрағасы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:10, 9 сәуір 2026
Шығыс Қазақстанда адам өлтіруге оқталу фактісі тергелуде
-
15:59, 9 сәуір 2026
Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған ер адам сотталды
-
15:48, 9 сәуір 2026
9 сәуірдегі саудада доллар бағамы тағы өсті
-
15:36, 9 сәуір 2026
Ауа райы күрт нашарлайды: Алматыда найзағай ойнап, тауда қар жауады
-
15:19, 9 сәуір 2026
Ұлттық қордан бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі өзгертілді





