Шымкентте мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте 8-сынып оқушысы суицид жасады. Дәрігерлер оқиға орнына келгенімен жасөспірімді құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының жазуынша, ақпаратты қалалық білім басқармасы растаған. Ондағы деректерге сүйенсек, қайғылы жағдай 6 сәуірде, оқушы үйде болған кезде орын алған.
"Жасөспірімді туыстары тауып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда дәрігерлер келгенде оқушыда өмір белгілері болмаған", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы.
Ресми деректер бойынша, жасөспірім бұрын арнайы медициналық есепте тұрмаған. Оның осындай әрекетке баруының себептері әлі белгісіз. Полиция мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаменті.
Бұған дейін Ақтауда мектеп оқушысы биіктіктен құлап қаза тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 8 сәуір 2026
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшы жүлдегер атанды
-
20:28, 8 сәуір 2026
Алматыда үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін аман қалды
-
20:11, 8 сәуір 2026
Астанада ірі көлемдегі ет өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі тоқтатылды
-
19:51, 8 сәуір 2026
Қазақстанда ауа райы күрт құбылды - 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
19:33, 8 сәуір 2026
«Бәрі ретімен өз іс-әркетіне жауап береді»: Шавхат Рахмоновтың экс-жұбайы даулы мәлімдеме жасады





