Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды
© Фото: Zakon.kz
Алматыдағы ескі тұрғын үйдің 204 меншік иесі 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша "Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасы" аясында жаңа пәтерлерге көшті.
Қоныс аудару жұмыстарын "Almaty Renovation" ЖШС "Алматы" ӘКК" АҚ-мен және жеке инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырды. Тұрғындарға "бөлмеге — бөлме" қағидаты бойынша баспана ұсынылды немесе бұрынғы жылжымайтын мүлкінің нарықтық құнына сәйкес ақшалай өтемақы төленді.
Пәтерлер таза әрлеумен тапсырылып, қажетті инфрақұрылыммен толық жабдықталған. Атап айтқанда, интернет желісі қосылған, өртке қарсы жүйелер орнатылған, сантехника мен ас үй жабдықтары, соның ішінде газ немесе электр плиталары қарастырылған.
Қоныс аударған тұрғындардың ең көбі Түрксіб ауданында тіркелді — 126 адам. Сонымен қатар, Әуезов ауданында — 53, Бостандық ауданында — 13, Алатау ауданында — 6, Медеу ауданында — 3, Жетісу ауданында — 2, ал Алмалы ауданында 1 адам жаңа баспанаға көшті.
Биыл жалпы саны 95 үйді бұзу жоспарланып отыр.
Ғимараттарды көшіру және бұзу жұмыстары тек барлық меншік иелерінің келісімімен жүргізіледі. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін бірінші қабаттағы немесе лифт, пандус және кедергісіз кіру жүйелерімен жабдықталған үйлерден пәтерлер қарастырылған. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында каркас-қамысты құрылыстарды, сондай-ақ тектоникалық жарылыс аймақтарында орналасқан ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылып отыр. Егер меншік иелері ұсынылған қоныс аударудан бас тартса, олар тозығы жеткен тұрғын үйде қалуға құқылы. Алайда мұндай жағдайда тұруға байланысты ықтимал қауіп-қатерлер үшін жауапкершілік өздеріне жүктеледі.
Жыл соңына дейін "Алматы" ӘКК" АҚ, "Almaty Renovation" ЖШС және инвесторлардың күшімен 1 165 адамды жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жаңарту бағдарламасына қатысу үшін инвесторлар "Алматы" ӘКК" АҚ-ның ресми сайты арқылы өтінім бере алады. Әлеуетті инвесторларды іріктеу реновация жобаларын қарау, іріктеу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
"Реновация бағдарламасын іске асыру жайлы қалалық ортаны қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполистің сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар қауіпсіз әрі заманауи баспанамен қамтылады. Жалпы, 2030 жылға дейін 1 403 ескі үйді бұзу және шамамен 7 500 меншік иесін көшіру жоспарланып отыр", — деді "Almaty Renovation" ЖШС бас директоры Еркебұлан Османбаев.
"Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасын" қала әкімдігі әзірлеп, оны мәслихат 2024 жылғы қарашада бекітті. Бағдарламаның әкімшісі — "Алматы" ӘКК" АҚ, ал уәкілетті ұйым — "Almaty Renovation" ЖШС.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 9 сәуір 2026
«Барлық қызметтер дайын болуы тиіс»: ТЖМ, ІІМ және әкімдіктерге Бектеновтан тапсырма берілді
-
16:13, 9 сәуір 2026
Қазақстан президенті Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті құттықтады
-
16:10, 9 сәуір 2026
Шығыс Қазақстанда адам өлтіруге оқталу фактісі тергелуде
-
15:59, 9 сәуір 2026
Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған ер адам сотталды
-
15:48, 9 сәуір 2026
9 сәуірдегі саудада доллар бағамы тағы өсті





