«Мен тек әке ретінде іздедім…» – жоғалған сәбиді тапқан полицейдің сөзі елді тебірентті
© Сурет: polisia.kz
Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бүлдіршінді ауылдан бірнеше шақырым жерден, иен даланың ортасында жалғыз жүрген жерінен байқап қалған.
Офицер бұл жағдай туралы былай деп еске алды:
"Жүрегіммен оның дәл осы маңда екенін сездім. Мені не жетелегенін білмеймін… бірақ сол бір ішкі күш мені сәбидің тұрған жеріне алып келді. Мен өзімді батыр санамаймын – тек өз жұмысымды атқардым. Дегенмен қатты алаңдадым… себебі мен де әкемін", – дейді ол.
Бұған дейін Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 8 сәуір 2026
Нөсер жаңбыр, бұршақ пен жел: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:34, 8 сәуір 2026
Қазақстанға жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Бас прокуроры келді: кездесуде қандай мәселелер талқыланды
-
21:56, 8 сәуір 2026
Қазақстанда астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті
-
21:33, 8 сәуір 2026
Ақын Мұхтар Шаханов ауруханаға түсті
-
21:07, 8 сәуір 2026
Сот әділ нүктесін қояды - ІІМ полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдар туралы пікір білдірді





