Мораторий аяқталды: жанар-жағармай бағасы тұрақты
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 9 сәуірде Сенаттағы брифингте Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов 1 сәуірден бастап мораторий аяқталғаннан кейін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жанар-жағармай нарығы нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасып отыр және баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруде.
"Қазір тапшылық жоқ. Елде 600 мың тоннадан астам бензин және 600 мың тоннадан астам дизель отынының қоры бар. Бұл көлем ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткілікті", – деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр бағаға бақылау жүргізіліп отырғанын атап өтті. Бұл жұмысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен өңірлік штабтар жүзеге асырып, негізсіз баға өсіміне жол бермейді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жылғы 16 қазанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне мораторий енгізілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:45, 9 сәуір 2026
Петропавлда полицейлер қалада адасып кеткен қарт адамға көмектесті
-
16:21, 9 сәуір 2026
«Барлық қызметтер дайын болуы тиіс»: ТЖМ, ІІМ және әкімдіктерге Бектеновтан тапсырма берілді
-
16:13, 9 сәуір 2026
Қазақстан президенті Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті құттықтады
-
16:10, 9 сәуір 2026
Шығыс Қазақстанда адам өлтіруге оқталу фактісі тергелуде
-
15:59, 9 сәуір 2026
Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған ер адам сотталды





