Димаш Құдайбергеннің концерті мен хоккей матчы кезінде арнайы автобустар жолға шығады

19:33, 12 қыркүйек 2024

© Сурет: Telegram/astana_newss

13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионына арнайы автобустар қатынайды. Бұл күндері Димаш Құдайбергеннің концерті мен хоккейден "Барыс" – "Динамо Мн" матчы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпаратпен 12 қыркүйекте елорда әкімдігі бөлісті.

"13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады", делінген хабарламада.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

  • Салтанат Сарайы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешіті;
  • Бас мешіт.
"Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ елорда әкімдігі "Барыс" – "Динамо Мн" матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүретінін ескертті.

"13 қыркүйекте сағат 19:00-де "Барыс Арена" мұз сарайында "Барыс" және "Динамо Мн" командалары арасында хоккейден матч өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін ойын өтетін жерге арнайы автобустар қатынайтын болады", делінген хабарламада.

Жанкүйерлердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ету және қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында әкімдік арнайы автобустарды іске қосады. Олар бірнеше орыннан аттанады:

  • "Қазақстан СК" тұрақ аймағы;
  • Орталық саябақ (шамамен сағат аумағы);
  • Халықаралық көрме орталығы (ЭКСПО ауданы).


"Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру матч билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар 17:00-ден бастап аталмыш орындарда болады. Соңғы маршрут 18:30-да шығады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!