Димаш Құдайберген Қытайдағы «Golden Panda» премиясынан видео бөлісті
© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
20 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен "Golden Panda" сыйлығын марапаттау рәсіміне қатысты. Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэй мен Димаш "Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады.
"Golden Panda" кинофестивалінің басты әнін орындадық. Сахнаны сіздермен бөліскеніме қуаныштымын", - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.
"Golden Panda" – бұл сыйлықтың мәдени маңызын көрсететін Панда символымен бейнеленген кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамытуға және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құруға бағытталған халықаралық шара. Бұл сыйлық бүкіл адамзаттың ортақ құндылығын ашатын ең жақсы фильмдерді таңдап, бағалайды.
Димаш қызыл кілемде әйгілі қытай әншісі Вэй Вэйдің бірге жүріп өтті. Жанкүйерлерімен амандасып, "Dears-қа деген сүйіспеншілікпен" деген қолтаңба қалдырды.
Кештің финалында Вэй Вэй мен Димаш Golden Panda Awards "同行 Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Түпнұсқа шығарманы әйгілі ұйымдастырушы және ән авторы Чжу Хай және композитор, Оскар сыйлығының музыкалық төрешісі Нейтан Ванг жазған.
Солистердің әуезді дауысы ерекше үйлесім тауып, барлық тыңдаушыны толғандырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





