Дәрігердің қабылдауына жазылу: тәртіп сақшылары алаяқтықтың тағы бір түрі шыққанын ескертеді
© Сурет: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтарды медициналық қызметтерді пайдалану кезінде сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы уақытта интернет-алаяқтар өздерін емхана, медициналық мекеме немесе тіркеу қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе кезекке тіркеуге көмектесетінін айтып хабарласу жағдайлары жиілеген.
Осы кезде азаматтардың сеніміне кіріп, "Aitu Passport" сияқты цифрлық қосымшаларға кіру үшін SMS арқылы келетін кодты айтуды сұрайды. Алайда мұндай кодтар жеке деректерге, электрондық қызметтерге және цифрлық сәйкестендіру жүйелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды ақпарат болып табылады.
Полиция азаматтарға ешбір ресми медициналық мекеме немесе мемлекеттік орган қызметкері SMS арқылы келген құпия кодтарды сұрамайтынын ескертеді. Егер сізден осындай ақпарат талап етілсе, әңгімені дереу тоқтатып, күмәнді қоңырау немесе хабарламаны елемеген жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 5 маусым 2026
Интернет-дүкендер қызметін қолданушы ел азаматтарына жағымды жаңалық жеткізілді
-
19:51, 5 маусым 2026
Түркістандағы байдарка мен каноэде есуден АЧ: Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды
-
19:24, 5 маусым 2026
«Екі өңірде аптап ыстық болады». Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
18:45, 5 маусым 2026
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру шараларын аяқтады
-
18:14, 5 маусым 2026
Ұлттық Банк басшысы несиелік шектеуге қатысты өз көзқарасын білдірді





